Біздің міндеттеріміз

“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” (ҚПО) - жауапкершілік пен адалдық құндылығын ұстанатын ұйым. Мінез-құлық кодексі этиканың жоғары деңгейдегі стандарттармен бизнес жүргізуге арналған жалпы нұсқауларды қамтиды.

“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” (ҚПО) ашық, шынайы қарым-қатынасты күтілетін орта ретінде ұстанады. Басшыңызға немесе басшылыққа саясаттардың немесе стандарттардың бұзылуы болуы мүмкін деп есептейтін жағдаймен хабарласқанда жайлы сезінгеніңізді қалаймыз.

Құпия хабарлауды қалаған жағдайларда, сізге үшінші тарап шұғыл байланыс желісінің қызмет көрсетушісі орындайтын EthicsPoint шұғыл байланыс желісін пайдалану ұсынылады. Мінез-құлық кодексінде көрсетілген бұзушылықтарға қатысты мәлімдемелерді жіберуді, сондай-ақ саясаттар мен процедураларға қатысты нұсқауларды сұрауды және оң ұсыныстар мен оқиғалар туралы айтып беруді ұсынамыз.

Егер таңдасаңыз, беретін ақпаратыңыз EthicsPoint компаниясына толық құпия және анонимді түрде жіберіледі. Түсініктемелеріңіз міндетті түрде қаралатынына кепілдік береміз.

Қосымша ақпаратты EthicsPoint ЖҚС бөлімінен қараңыз.

Хабар жасау үшін

Хабар жіберу үшін келесі екі әдістің бірін пайдалануға болады:

  • Осы веб-беттің жоғарғы жағындағы "Мәлімдеме жасау" сілтемесін таңдаңыз.
  • НЕМЕСЕ
  • Америка Құрама Штаттары, Гуам, Пуэрто-Рико және Канада елдерінде тегін қоңырау шалу:

  • Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу: 8 (727) 357 4049

Хабар жазылып, жіберілген соң оған бірегей код тағайындалады, ол «хабар кілті» деп аталады. Хабар кілті мен құпия сөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Кейіннен хабар кілті мен құпия сөзді пайдаланып, қосымша сұрақтардың бар-жоғын тексере аласыз.